Жаңалықтар

2019-2020  оқу  жылының бірінші  тоқсанында  ата-аналар  жиналыстары  өткізілді.

Дүйсенғали Төленов атындағы мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы Қаниев Әкежан Болатбекұлы алғашқы әскери дайындық пәнінен «Сардар» олимпиадасының Республикалық кезеңіне қатынасып жүлделі 3 орынды иеленді. Әскери жетекші Темірғалиев Саябек Балжігітұлының шәкірт дайындаудағы жемісті еңбегі жана берсін.

Ұлы Жеңістің 74 жылдығына орай Дүйсенғали Төленов атындағы мектеп-гимназиясында әскери-патриоттық шара өткізілді.

Д.Төленов атындағы мектеп-гимназиясы 2019-2020 оқу жылында төмендегі гимназия сыныптарына және бос орындарға конкурстық негізде оқуға қабылдайды.  Конкурсқа оқу жылын «үздік» немесе «оқу екпіндісі» үлгерімімен аяқтаған білім алушылар қатыса алады.

Дүйсенғали Төленов атындағы мектеп-гимназиясында 1 Мамыр халықтар достастығы мерекесіне орай ұлттар фестивалі жоғары дәрежед өткізілді. Мектеп-гимназия бойынша түгел сыныптар қатынасып, ұлттық нақыштағы киімдер үлгісі, дәстүрлері, ұлттық тағамдары көрсетілді. Ынтымағымыз жараса  берсін. Орталық алаңға оқушылар ұжымен мен педагогикалық коллектив өнерлерін халыққа паш етті.

2019 жылдың 26 сәуірінде  Облыстық білім беру басқармасы Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Үздік авторлық бағдарлама» сайысына Дүйсенғали Төленов атындағы мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Аманғалиева Нұргүл Сүндетқалиқызы қатынасып жүлделі 2 орынды иеленді. Жетістіктеріміз жалғасын таба бергей.