«Әлем сенімен әдемі» психология апталығы аясында 7-8 сынып білім алушылары мен мектептің өзін-өзі басқару ұйымы, мектеп психологтарымен бірлескен «Мен сыныбыммен мақтанамын» тимбилдингі өткізілді.
Мақсаты: 7-8 сынып оқушыларының командамен бірлесе жұмыс істеу дағдыларын дамыту, достықты нығайту, сенімділік пен жауапкершілікті қалыптастыру.
Тимбилдинг басында 5 команда сынып жетекшілерімен бірлесе өз топтарына ат қойып, ұранымен бөлісті. Ойын «Тездет, бірақ қателеспе», «Бірлік пен күш», «Желаяқтар додасы» ,«Сенім көпірі» , «Қиял қанаты» 5 тапсырмалық бөлімнен тұрды. Бірінші турда елдердің астанасын сәйкестендіру, топпен бірлесіп сәйкестендіре отырып тапсырма орындады. 2-3 ші турда «Буллингке тап болған оқушыға көмек» тапсырмасы сөздерді жинау арқылы белсенді орындады. «Сенім көпірі» турында оқушылар бірлесе достық сөзжұмбағын жылдамдықпен шешті. «Қиял қанаты» соңғы турында оқушылар «Мен сыныбыммен мақтанамын» сөзін құрап, өз ойларынан қиялдарынан таңғажайып нәрсе жасап шықты.Әр топ өте белсенділікпен қатысып, балалар арасында достық жағымды қарым-қатынас орнады. Шара соңында «Бір үйдің баласындай» әнін бәрі топппен орындап, 7 «а» l орын, ll орын - 7«б», 8 «а», lll орын - 8 «б», 8«ә» сынып оқушылары марапатталды. Оқушылар өз әсерлерімен бөлісіп, көңілдері көтерілді.
«Әлем сенімен әдемі» психология апталығы аясында «Тәтті балалықтан – сәтті болашаққа» маманмен мотивациялық кездесу кеші өтті.
Кездесу басы «Эмоцияңды бейнеле» тақтасымен, көңілді сергіту сәтімен басталды.Ата-аналар бірге экранда көрсетілген сергіту сәтін орындады. Ата-аналар мектебіміздің талантты оқушыларымыз «Ертұран» жігіттер ансамбьлінің өнерін тамашалады. «Самға» облыстық жастар денсаулық орталығының басшысы, медицина саласының маманы Әлішер Талғатұлы Талғат бала қауіпсіздігің алдын алу, балалар психологиясы, олардың ішкі жан дүниесі, қазіргі замандағы кездесетін қауіп қатерлер туралы кеңестер айтты.Баланың психологиясына әсер ететін маңызды дүниелер, зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдары, қыз баланың және ұл баланың гигиенасы туралы, баланы қалай қорғау керектігі жөнінде нақты пкіріталаспен ой бөлісті.Заманауи мүмкіндіктер, соның ішінде арнайы қосымшалар «2гис» арқылы баланың қауіпсіздігін бақылау туралы құнды деректермен бөлісті.Ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынас, толыққанды ашылып, еркін форматта сөйлесу, олардың ойын тыңдау, қыздардың қауіпсіздігі, ерте жастан жүктілік, балаларды бақылау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде кеңестер берілді.
Кездесу соңында ата-аналар кері байланыс білдіріп, балалардың психологиялық саулығына қатысты көп нәрсені ой елегінен өткізіп, аса құнды ақпараттар алып, бала тәрбиесіне ой салатын кеңестер мәселелердің алдын алғандығымен бөлісіп, ерекше әсерлерін білдірді.
Мектептегі психологиялық қызмет бағыты бойынша және біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында "Мектепке алғашқы қадам" тақырыбында мектеп психологтары А. Салихова, А.Наурызова , сынып жетекшілері Н.Аманғалиева, А.Таукиева, Н.Ізбасовамен бірлесе отырып білім алушылардың мектепке бейімділігін анықтап, қолдау, қарым - қатынасты нығайту мақсатында "Танысу", "Жыл мезгілдері" және білім алушылардың ақыл - ой қабілеттерін дамыту, назар аудартуды жақсарту, есте сақтау қабілетін күшейту мақсатында "Нейрогимнастикалық жаттығулары” өткізілді. “Менің мектебім" проективті әдістемесі, "Керн Йиерасек" тесті жүргізілді. Көңіл күйлерін анықтау мақсатында "Менің эмоциям" жаттығуы арқылы кері байланыс алынды. Білім алушылар белсенді болып, қызығушылықпен қатысты.
Мектептегі психологиялық қызмет бойынша 5 сынып білім алушыларымен орта буынға бейімделуін психологиялық сүйемелдеу мақсатында "Біз және біздің дағдыларымыз, көңіл-күйіміз" атты тренингтер өтті.Білім алушылар белсенді қатысып, жағымды қарым-қатынас орнады. Өткізген мектеп психологтары: А. Салихова, А. Наурызова