Д.Төленов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен 10-сәуір күні "Ұлпан романындағы кейіпкерлер әлемі: мінез,тағдыр, қоғам" тақырыбындағы подкастың соңғы қорытынды шарасы өткізілді. Облыс деңгейінде оқуға міндеттелген бұл шығарманы талқылауға мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің мамандары шақырылды. Алты күнге созылған бұл подкастқа мамандар жеке -жеке келіп сұқбат берді. Мақсаты: романдағы кейіпкерлер тағдырын, мінезін, қазіргі қоғаммен байланыстыра отырып суреттеу. Ұлпаннан бастау алған әр кейіпкерлерді әр қырынан ашып көрсету болды.Осы тұста подкастқа келген мамандар өздерінің дайындықтарын жан-жақты көрсете білді. Әр кейіпкерді ойлы да мағыналы бір сөзбен түйіндеу арқылы өз шеберліктерін көрсетті. Қатысушылар жеке сұқбаттарында романдағы әйел теңдігі,ел басқару,көш басшылық әділдік пен адамгершілік, дәстүр мен жаңашылдық арасындағы қақтығыс сияқты мәселелерді көтерді. Сонымен қатар романдағы басқа да қосалқы кейіпкерлерлер әлемі жеке-жеке талқыға салынды. Шара соңында барлық подкастың қатысушылары бір ортада бас қосып соңғы нүктесін қойды. Олар романнан алған әсерлері мен бөлісіп "Ұлпан-әдеби кейіпкер емес, ұлттық рухтың символы екендігін және басқа да кейіпкерлер әлемі қазақ қоғамының тұтас көрінісі екенін дәлелдеп шықты.
Ұйымдастырған: кітапханашы А .Мамешова






