Атауы Жүктеу
1 «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының»
жылдық жұмыс жоспары
  
2 2023-2024 оқу жылындағы Ата-аналар, Әкелер, Аналар кеңесінің төрағалары мен төрайымдары туралы мәлімет

 


Ата-аналар жиналысының басты мақсаты – өскелең ұрпақтың азаматтығын және әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруда ата-аналардың рөлін жандандыру, әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру, баланың жақсы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру, сондай-ақ білім беру мазмұнын жаңарту бойынша жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясатты талқылауға ата-аналар қауымын кірістіру.

 

4 қараша күні  барлық сыныптың ата-аналар жиналысы қашықтықтан ZOOM платформасы ар0ылы болып, күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп-гимназия директоры Т.Идркенова І тоқсан қорытындысымен таныстырып өтті. Сонымен қатар жаңартылған білім беру мазмұнымен жаңа 2020-2021 оқу жылында жаңадан қабылданған және ауысып келген білім алушыларға, мектеп пен ата-ана арасында келісім –шарт жасалғаны туралы, сонымен қатар, мектеп жарғысы мен ішкі тәртіп ережелеріне сүйене отырып, білім алушылардың офлайн және онлайн режиміндегі сабақтарда мектеп формасын  сақтауын, ақпараттық мәдениетті сақтауларын қатаң бақылауға алуын ескертті.

 

Ата-аналар комитетінің  төрағасы Б.Көшмағамбетов «Баланың бас ұстазы –ата - анасы» тақырыбында баяндама оқып, мектептің отбасымен өзара қарым-қатынасы ата-ана беделіне құрмет көрсету, отбасының  рухани кемелдене түсуіне көмектесу, үй-ішінің балаларға оңды ықпал жасауына жәрдем беру негізінде құрылуы тиістігі айтылды.

 

Мектеп оқушыларын тәрбиелеудің негізі ретінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары С.Алмағанова І тоқсан бойынша  өткізілген іс шаралар туралы баяндады.

 

Сонымен қатар мектеп-гимназия директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары С.Алмағанова және мектеп инспекторы Л.Қуанышбаевава «Балалардың күзгі каникул кезіндегі  қауіпсіздігін қадағалау», «Алдымызда қыс» сияқты мәселелер талқыланып, ата-аналарға күзгі каникул мезгілінде балаларға сақ болуларың қатаң түрде тапсырды.

 

Жиналыс барысында сұрақ қойған ата- аналарға мектеп әкімшілігі  мен белсенді ата-аналар  өздері жауап берді.


Ата-аналар жиналысының басты мақсаты – өскелең ұрпақтың азаматтығын және әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруда ата-аналардың рөлін жандандыру, әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру, баланың жақсы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру, сондай-ақ білім беру мазмұнын жаңарту бойынша жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясатты талқылауға ата-аналар қауымын кірістіру.

 

1 қараша күні  барлық сыныптың  ата-аналар жиналысы болып, күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп-гимназия директоры Т.Идркенова  І тоқсан қорытындысымен таныстырып өтті. Сонымен қатар жаңартылған білім беру мазмұнымен жаңа 2018-2019 оқу жылында жаңадан қабылданған және ауысып келген білім алушыларға, мектеп пен ата-ана арасында келісім –шарт жасалғаны туралы, сонымен қатар,  мектеп жарғысы мен ішкі тәртіп ережелеріне сүйене отырып, білім алушылардың мектеп формасын  сақтауын қатаң бақылауға алуын ескертті.

 

Ата-аналар комитетінің  төрағасы Б.Көшмағамбетов «Баланың бас ұстазы –ата - анасы» тақырыбында баяндама оқып, мектептің отбасымен өзара қарым-қатынасы ата-ана беделіне құрмет көрсету, отбасының  рухани кемелдене түсуіне көмектесу, үй-ішінің балаларға оңды ықпал жасауына жәрдем беру негізінде құрылуы тиістігі айтылды.

 

Мектеп оқушыларын тәрбиелеудің негізі ретінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Л.Қуанышбаева І тоқсан бойынша  өткізілген іс шаралар туралы баяндады.

 

Сонымен қатар мектеп-гимназия директорының  тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары   Л.Қуанышбаева және мектеп инспекторы А.Елешова «Балалардың күзгі каникул кезіндегі  қауіпсіздігін қадағалау», «Алдымызда қыс» сияқты мәселелер талқыланып, ата-аналарға күзгі каникул мезгілінде балаларға сақ болуларың қатаң түрде тапсырды.

 

Жиналыс барысында сұрақ қойған ата- аналарға мектеп әкімшілігі  мен белсенді ата-аналар  өздері жауап берді.