oC
Іс-шараның мақсаты – мұғалімдердің зерттеушілік дағдыларын дамыту және тәжірибеге негізделген оқыту әдістерін жетілдіру.
Интенсив барысында педагогтер топтық жұмыстарға қатысып, өз тәжірибелеріндегі өзекті мәселелерді анықтады. Сонымен қатар, зерттеу жүргізудің кезеңдері қарастырылып, деректерді жинау мен талдау жолдары талқыланды.
Практикалық бөлімде қатысушылар шағын топтарға бөлініп, зерттеу
тақырыптарын ұсынып, өз жобаларын қорғады. Бұл өз кезегінде тәжірибе алмасуға және кәсіби өзара қолдауды нығайтуға мүмкіндік берді.
Аталған әдістемелік интенсив мұғалімдердің кәсіби дамуына серпін беріп, білім беру үдерісін жетілдіруге бағытталған жаңа идеялардың қалыптасуына ықпал етеді деген сенімдеміз!