oC
Д. Төленов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде “Еңбегі адал жас өрен” жобасы аясында “Мамандықтар туралы кім көп біледі?” тақырыбында 6-сыныптар арасында эссе байқауы өтті.
Шараны кәсіби бағдар беруші Курмашева Шынар Насипкалиевна ұйымдастырды. Байқауға 6 «АӘБ» сыныптарына жетекшілік ететін қазақ тілі пәні мұғалімі Хайреденова Айдана, Үмбетқалиева Інжу , Жаңбырбаева Сара ұйымшылдықпен 34 оқушы эссе жазып қатыстырып, сыныптың басқа білім алушылары 3 командаға бөлініп, өз білімдері мен шығармашылық қабілеттерін төрт кезеңнен тұратын тартысты сайыста жоғары белсенділік көрсетті.
Байқау барысында оқушылар әртүрлі мамандықтар туралы эссе жазып, өз ойларын дәлелдеп, қорғады. Қатысушылар дәрігер, мұғалім, инженер, заңгер, аспаз, ұшқыш, бағдарламашы сияқты мамандықтардың қоғамдағы рөлі мен маңыздылығын кеңінен сипаттады.
Бұл шара оқушылардың болашақ мамандық таңдауға деген қызығушылығын арттырып, олардың сындарлы ойлау және сөйлеу мәдениетін дамытуға , өз армандарымен бөлісуге үлкен мүмкіндік берді.
Қорытындысында үздік жұмыстар анықталып, жеңімпаздар І,ІІ,ІІІ алғыс хаттармен марапатталса, командалық сайыста сыныптар «Ideal Faktory», «Dream Team», «Brain Upgrade», «Future Stars» номинацияларымен марапатталды.
Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар оқушылардың болашаққа сенімді қадам жасауына ықпал етеді