2026 жылдың 8 сәуір күні Д.Төленов атындағы ЖОББ мектептің 10 сынып оқушылары аудандық төтенше жағдай бөлімінде ерте жастан кәсіби бағдар беру шаралары бойынша тағылымдамаға қатысты. Мектеп оқушыларына аудан әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс бөлімі басшысы Құжырбаев Сейтжан Бауыржанұлы бөлімнің төтенше жағдайлар болғанда қандай көмек көрсететіні жөнінде айтса, аудандық төтенше жағдай бөлімінің аға инжинері азаматтық қорғау майоры Жақсылықов Рустем Жақсылықұлы жас өрендерге мамандықтың қыр-сырын түсіндіріп, болашақта Көкшетау академиясынан жоғарғы бім алуға шақырды. Аудандық орталық аурухана мобильдік топ медбикелері Шынар Тілешқызы кездейсоқ ес-түссіз жатқан адамға көрсететін алғашқы көмектің қадамдарын рет- ретімен түсіндіріп берді. Төтенше жағдай білімі сарбаздары құтқаруға арналған техникамен, фитнес зал, арнайы киімдермен таныстырып тағылымдамаға қатысушылардың өрт сөндіруші мамандығына қызығушылықтарын арттырды.
Соңында оқушылар алғыс хаттармен мараппатталды!!!





