Іс-шараға
- Махамбет АПБ-нің ҚҚб ЮПТ аға УПИ полиция майоры Ураков Нуркуат Болатұлы;
- Махамбет АПБ-нің ҚҚб-нің УПИ полиция капитаны Бердіғалиев Алмас Бердіғалиұлы;
- Махамбет АПБ-нің жедел уәкілі полиция капитаны Мұрат Әділет Мұратұлы;
- Махамбет АПБ-нің ҚҚб-нің УПИ полиция капитаны Ермұратов Мұрат Ержигитович қатынасты.
Жиын барысында оқушыларға каникул уақытында жолда жүру ережелерін сақтау, бөгде адамдармен қарым-қатынаста сақ болу, қоғамдық орындарда тәртіп сақтау қажеттігі жөнінде түсіндірілді. Сонымен қатар қонақтар төтенше жағдайлардың, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, заң алдындағы жауапкершілік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік түрлері туралы жан-жақты ақпарат берді. Оқушыларға құқықтық сауаттылықтың маңызды ерекше екенін атап өтті. Мұндай кездесулер – жас ұрпақтың қауіпсіздігі мен тәртібін нығайтуға бағытталған маңызды шаралардың бірі.




