Дүйсенғали  Төленов атындағы мектеп-гимназиясы бойынша 2018-2019 оқу жылында оқушылар түгел Атырау облысы мектептеріне бекітілген бірыңғай мектеп формасымен қамтылды.

 

Оқу жылы басында ата-аналарға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 «Орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығының 3 бөлімі 25, 27 тармақтарымен таныстырылып, қол қойдырылды. Ата-аналар мектеп басшысының бекіткен мектеп формасын бірауыздан қолдады.

 

Аудандық білім бөлімінің 2017 жылғы 7 қыркүйектегі №10-04-06-03/1603 санды хатына сәйкес «Мектеп пен баланың заңды өкілдерінің арасындағы үлгі шартын» басшылыққа ала отырып, 2018-2019 оқу жылына мектепішілік келісім шарт жасақталды.

 

Сонымен қатар ұлдар және қыздар жиналысында дін мәселесі қозғалып, оқушыларға мешітке баруға болмайтындығы жөнінде ескертіліп айтылды.