Жаңалықтар

2019 жылы   24 қаңтар күні «Зайырлылық және дінтану негіздері» факультатив сабағының мұғалімі З.Өмірбекова және құқықтық жетекші О.Гарифуллина 9-10 сынып оқушыларымен  аудандық   мұражайда   «Дінсіз тәрбие тамырсыз көшет» тақырыбында  аудандық   «Исатай-Махамбет»  мешітінің  бас имамы  Иманғалиев Ержан  Насихатұлымен кездесу ұйымдастырды..

2017 жылы 16 қараша күні мектеп директорының орынбасары Л.Қуанышбаева және 9 сынып оқкшылары «Нұр Отан» партиясы махамбет ауданы ғимаратында  «Иман – асыл қасиет» атты ақпараттық түсіндіру тобының кездесуіне қатысты.

23 қаңтар күні  Д.Төленов атындағы мектеп-гимназиясының 9-11 сынып оқушылары мектеп тәлімгері А.Сираш және АӘД пәнінің мұғалімі С,Темірғалиевпен бірге Өрт сөндіру бөліміне барып,  жұмыстарымен танысты

Д.Төленов атындағы мектеп-гимназиясында аудандық білім бөлімінің 2019 жылдың 23 қаңтардағы №10-04-01-06-03/100 санды хатына сәйкес «27 қаңтар – Халықаралық интернетсіз күніне» орай 24 қаңтар күні  «Мен OFFLINE» республикалық кең ауқымды балалар акциясы өткізілді.

Д.Төленов атындағы мектеп-гимназиясында аудандық білім бөлімінің 2019 жылдың 25 қаңтардағы №10-04-01-06-03/140 санды хаты бойынша қазіргі уақытта орын алып жатқан оқушылар арасындағы қатігездік пен қорлауға құмарлықты болдырмау және алдын алу мақсатында бірқатар шаралар ұйымдастырылды.

Оқушыларға айналасына мейіріммен қарауға, қайырымдылық істер жасауға және табиғатты аялап, қамқорлық танытуға баулу мақсатында Атырау облысы, Махамбет ауданы, Дүйсенғали Төленов атындағы мектеп-гимназиясында «Қазақстан – мейірімділік мекені» атты республикалық балалар бастамасына орай «Әлемді бірге құтқарамыз!» тақырыбында суреттер байқауы өткізілді.

Дүйсенғали Төленов  атындағы мектеп-гимназиясында  жоспарға  сәйкес  21-25 қаңтар  күндері "Бастауыш сынып пәндері" бірлестігінің апталығы  өтуде.