Жаңалықтар

"Жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеті мен білімін арттыру жолдары" тақырыбында 2019 жылдың 4.04-13.04.2019 аралығында өтетін "Жаратылыстану-химия, биология және география" мен "Ағылшын тілі" пән бірлестігі он күндігі басталды. 

Д.Төленов атындағы мектеп-гимназиясы бойынша аудандық білім бөлімінің 2019 жылдың 3 қаңтардағы №10-04-06-03/1 санды хатына сәйкес 28 қаңтар – 2 ақпан аралығында «Отбасында ата-ананың бала тәрбиесіне ықпалының ерекшеліктері» атты ата-аналар апталығының іс-шаралар жоспары жасақталып, бекітілді. 

2018 жылы   9 ақпан күні дінтану пәнінің   мұғалімдері Гарифуллина О., Өмірбекова З., 8 «а,б», 9 «а,б» сыныптарын  алып,  аудандық   мұражайда  өткен  «Дін тәрбиенің рухани діңгегі деген  тақырыпта  өткен  аудандық   «Исатай-Махамбет»  мешітінің  бас имамы  Иманғалиев Ержан  Насихатұлымен,  Шугарина  Сауле Мағауқызымен  болған кездесуге   қатыстық.

2019 жылы   24 қаңтар күні «Зайырлылық және дінтану негіздері» факультатив сабағының мұғалімі З.Өмірбекова және құқықтық жетекші О.Гарифуллина 9-10 сынып оқушыларымен  аудандық   мұражайда   «Дінсіз тәрбие тамырсыз көшет» тақырыбында  аудандық   «Исатай-Махамбет»  мешітінің  бас имамы  Иманғалиев Ержан  Насихатұлымен кездесу ұйымдастырды..

2017 жылы 16 қараша күні мектеп директорының орынбасары Л.Қуанышбаева және 9 сынып оқкшылары «Нұр Отан» партиясы махамбет ауданы ғимаратында  «Иман – асыл қасиет» атты ақпараттық түсіндіру тобының кездесуіне қатысты.

23 қаңтар күні  Д.Төленов атындағы мектеп-гимназиясының 9-11 сынып оқушылары мектеп тәлімгері А.Сираш және АӘД пәнінің мұғалімі С,Темірғалиевпен бірге Өрт сөндіру бөліміне барып,  жұмыстарымен танысты

Д.Төленов атындағы мектеп-гимназиясында аудандық білім бөлімінің 2019 жылдың 23 қаңтардағы №10-04-01-06-03/100 санды хатына сәйкес «27 қаңтар – Халықаралық интернетсіз күніне» орай 24 қаңтар күні  «Мен OFFLINE» республикалық кең ауқымды балалар акциясы өткізілді.