🎄 25 желтоқсан 2024 жылы Д.Төленов атындағы білім беретін орта мектеп жанындағы  интернат тәрбиеленушілерін “Novus-Bolashak” компаниясының өкілдері демеушілік жасап, оқушыларды Атырау қаласындағы кинотеатрға апарып, балаларға қызықты мультфильм тамашалатты. 
🎄 Содан соң оқушыларды ,,Skypark" ойын - сауық кешеніне апарып, балаларды түскі аспен тегін қамтамасыз етті. 
Оқушылар ойын алаңында зор қуанышпен ойнады. 
🎄 Сондай - ақ компания қызметкерлері оқушылардың жаңа жылдық шырша кешіне қатынасып, балаларға сыйлықтар таратты. Балалардың жан - жақты білім алуы үшін интернатымызға жаңа ноутбуктер сыйға берілді. 
🎄 Балаларға естен кетпес жақсы көңіл - күй сыйлаған “Novus-Bolashak” компаниясына алғысымыз шексіз.