Жаңалықтар
Жоспар бойынша мектебімізде түрлі іс-шаралар өтті. «Тәуелсіздік – Ұлы дала ұрпақтарына аманат» атты мерекелік онкүндік 4 желтоқсан күні 1-4 сыныптар арасында «Тәуелсіз елім – Қазақстаным»
Дүйсенғали Төленов атындағы мектеп-гимназиясында Атырау облысы бойынша алғаш ұйымдастырылған IQANAT Республикалық олимпиадасы өтті. Оған аудан мектептерінің 9-сынып оқушыларынан 23 оқушы қатысты. Негізгі мақсаты – ауыл мектептері оқушыларының еліміздің және шетелдік беделді жоғарғы оқу орындарына қолжетімділігін арттыру болып табылады.
Дүйсенғали Төленов атындағы мектеп-гимназиясы бойынша аудандық білім бөлімінің 2018 жылдың 9 қазандағы №10-04-06-03/2070 санды хатына сәйкес ағымдағы жылдың 22-26 қазан күндері экологиялық сауат ашу мақсатында «Экологиялық мәдениет» апталығы ұйымдастырылып, жоспар бойынша шаралар өткізілді.
Дүйсенғали Төленов атындағы мектеп-гимназиясында аудандық білім бөлімінің 2018 жылғы 1 қарашадағы №10-04-01-02/2270 санды хатына сәйкес 7-10 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында сұранысқа ие мамандық иелерімен тоқсан сайын кесдесулер ұйымдастыру жолға қойылды.
Жақында Д.Төленов атындағы мектеп-гимназиясында 9-11 сынып оқушылары Елбасымыздың «Қазақстанның әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын насихаттау мақсатында талқылап, дөңгелек үстел басында бас қосты. Бұл басқосуға жастар ресурстар орталығының маманы Сегізбаев Б, «Жауқазын» балабақшасының тәрбиешісі Әлдешова Б, мектеп-гимназиясының жас ұстазы Мұстахим А, мектеп инспекторы Елешова А қатысты. Кешті ұйымдастырып, жүргізген тарих пәнінің мұғалімі Өмірбекова Зоя.
Бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсыру рәсіміне қатысып, еліміздің дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарды марапаттады.


















