ҚЫЗДАР ЖИНАЛЫСЫ 2024 жылдың 7 қараша айында "Қыз ұлттың - айнасы" тақырыбында "Қызғалдақ" қыздар ұйымының жоспарлы жиналысы өткізілді. Жиналысқа 8-11 сыныптың барлық қыз оқушылары, тәрбие ісінің орынбасары, мектеп медбикесі, психологтар, әлеуметтік педагог, сынып жетекшілер қатынасты. Қыздар ұйымының жетекшісі Кисина Айгерім жиналыстың күн тәртібімен таныстырып, өткен оқу жылында қыздар клубының атқарған жұмыстарын қорытындылап, жаңа оқу жылының жылдық жоспарымен таныстырды. Қыз балаларға тән нәзіктік, адалдық, адамгершілік, инабаттылық қасиеттерін дамыту, жүріс- тұрыс, тазалық пен жеке бас гигенасын сақтау дағдыларын қалыптастыру мақсатында өткізілген шарада мектеп психологтары мен ұйым жетекшісі тренингтер, ойталқы сұрақтары арқылы шараны әрі қарай өрбітті. Қыз оқушылар бір-бірімен еркін пікір алмасып, сұрақтарға жауап берді, ұсыныстарын жеткізді. Оқушыларға оқушы ережесіне бағыну, бірыңғай мектеп формасын сақтау, түнгі мезгілде көшеде жүрмеу, тойхана, мейрамханаларда даяшы болмау жөнінде ескертпелер берілді. #біртұтас_тәрбие_атырау













