Махамбет аудандық ішкі саясат бөлімі, Махамбет ауданы бойынша 2025 жылдың ІІ жартыжылдығына арналған халықтың мақсатты топтарына ақпараттық - түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша іс - шаралар жоспарына сәйкес, дәстүрлі діни бағыттың құндылықтарын жеткізіп, теріс діни ағымдардың жетегінен сақтандыру мақсатында 3 желтоқсан күні Д.Төленов атындағы жалпы білім беретін орта мектебінде 10 - 11 сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында Махамбет аудандық мешітінің бас имамы Нұрбек Махмұтұлы мен Аруев Нұрғали Латифұлы жастармен имандылық бағытта әңгіме-сұхбат жүргізді.





