oC
🔰28 қараша күні ауданымызда "Ұрпағыңмен мың жаса" жобасы аясында "Әкелер патрулі" рейді өтті. Осы жобаға оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтың алдын алу, мектеп аумағында тәртіпті сақтау және әкелердің мектеп өміріне белсенді қатысуын арттыру мақсатында Д.Төленов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің әкелері атсалысып қатысты. Бұл жоба оқушылардың тәртібіне оң әсер етіп және қауіпсіз орта қалыптастыруға үлесін қосады, мектеп пен ата ана арасындағы ынтымақтастықты күшейтеді деп сенеміз. Бұл шара алдағы уақытта жалғасын табады. Баршаңызды белсенді қатысуға шақырамыз!
 
#біртұтастәрбие
#сыныпжетекшіатырау
#urpagynmen_myn_jasa
#әкелерпатрулі