17 қазан - 17 қараша аралығы кітапхана айлығы аясында мектеп кітапханасында 4 а сыныбы оқушылары "Ертегілер елінен мектепке" тақырыбында ертегі кітаптарға шолу жасады.
Мақсаты: Оқушылардың қызығушылығын арттыру, ертегілер әлемімен таныстыру, оқылым дағдысын дамыту және шығарма мазмұнын түсініп, өз ойларын еркін жеткізуге үйрету.
Шолу барысында балалар ертегілердің мазмұнын талдап, кейіпкерлердің іс-әрекетін салыстырып, негізгі ойды анықтауға тырысты.
Оқушылар берілген кітаптарды кезекпен қарап шықты, мұқабасын сипаттап, өздеріне қызық болған тұстарын атап өтті.
#біртұтас_тәрбие_атырау_2025





