oC
Тілдер мерекесіне орай мектеп кітапханасы «Тіл – халықтың рухани қазынасы» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
Кітап көрмесінің басты мақсаты – оқушыларға ана тілінің қадір-қасиетін түсіндіру, мемлекеттік тілдің мәртебесін насихаттау, тілге деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыру болды.
Көрмеге қазақ тілінің тарихы мен дамуына арналған кітаптар, сондай-ақ қазақ халқының рухани мұрасы мен ұлттық құндылықтарын дәріптейтін әдебиеттер қойылды. Ұстаздар мен оқушылар көрмемен танысып, тілдің халық өміріндегі маңызы туралы мол мағлұмат алды.