oC
«Отбасы бізден басталады» атты отбасы апталығы аясында 2026 жылдың 11 қыркүйек күні «Стрессіз отбасылық бюджет» тақырыбында техникалық қызметкерлерімен семинар тренинг ұйымдастырылды.
Кездесу барысында отбасылық бюджетті дұрыс жоспарлау, қаржыны тиімді басқару, қажет пен қалауды ажырату, үнемдеу және қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолдары туралы пайдалы ақпараттар берілді. Қатысушылар отбасы мүшелерімен қаржы мәселесін ашық талқылаудың және ортақ мақсатқа бірге ұмтылудың маңыздылығын түсінді.
Қаржылық сауаттылық – отбасы тұрақтылығының негізі.
Бюджетті дұрыс жоспарлау – артық уайымнан арылып, болашақты сенімді жоспарлауға мүмкіндік береді.