oC
2026 жылдың 10 қыркүйек күні Отбасы апталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес ұрпақ тәрбиесінде ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ата-баба тарихын білу, туған елге деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында мектебімізде 3 А сыныбында «Жеті атасын білмеген – жетесіз» тақырыбында өнеге сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында оқушыларға жеті ата ұғымының мәні мен маңызы түсіндіріліп, ата-тегін білу – әр адамның өз тарихын, тамырын тануы екені айтылды. Оқушылар өздерінің жеті атасын атап, ата-бабалары туралы мәліметтерімен бөлісіп, ұлттық салт-дәстүр мен отбасы құндылықтары жөнінде ой-пікірлерін ортаға салды. Сынып оқушысы Салыхова Рафия "Мен өз атаммен мақтанамын" тақырыбында бабасы Салихов Қабижан туралы таныстырылым жасады.
«Жеті атасын білу – жеті ұрпақтың байланысын білу» деген тағылымды ұстаным негізінде өткен өнеге сағаты оқушыларға үлкен ой салып, туған-туысты қадірлеуге, ата-баба аманатына адал болуға тәрбиеледі.