🎀Қазақ жұртында сахна өнері, оның ішінде би өнері бұрыннан ерекше қошеметке ие. Бұл өнер талғам мен сезімнің, жинақылық пен нәзіктіліктің көрінісін айшықтайды. Би өнері – тілсіз өнер. Оның да айтар мағынасы болуы керек. Мұнда адам ойындағы, жүрегіндегі жазуды би тілімен жеткізе білу басты шарт. Ол үшін қолдың, дененің, саусақтың, буын­ның әр қимылы үлкен рөл ойнайды.

🎀2024 жылдың 18 қаңтар күні "Өнерпаз" мәдениет үйінде мекеме жанынан құрылған би, вокал, дәстүрлі ән үйірмелерінің есеп беру  концерті өтті. Шығармашылық кеште Д.Төленов атындағы орта мектептің оқушылары, атап айтсақ, "Әсем-ай", "Еркем-ай" орта және кіші топ бишілері өнер көрсеткендігін мақтанышпен айтқымыз келеді. Биші қыздарымыз қазақ, орыс, татар, заманауи жастар биін, "Арыс жағасында"  биін көрермендерге ұсынды. Жеке орындауда Тахир Тахмира "Ерке қыз" композициясын, Рүстемқызы Іңкар "Үнді" биін асқан шеберлікпен, ерекше талғаммен орындады. Қыздарымыздың сахналық костьюмдері де көздің жауын алады.

🎀"Әсем-ай" би ұжымының осы күнге жеткен жетістіктері мен алған асулары да аз емес.

🎀Өнер әлемінде қанат жайып, көптің ыстық ықыласына бөленіп жүрген оқушыларымызға  және жетекшісі, хореграф Злиха Саламатоллақызына шығармашылық табыс тілейміз.

#сыныпжетекші

#біртұтас_тәрбие

#atyrau_tàrbie