Міне 2023 жыл да жылыстап, санаулы сағаттардан соң есігімізден төрімізге озатын Жаңа жыл құтты болсын!

2023 жыл ұжым үшін жоғары жетістіктерге, жағымды жаңалыққа толы жыл болды. Шәкірттеріміз облыстық додада оза шауып, республикалық байқаудан ойып тұрып жүлделі орындарын алды! Кең де жарық жаңа жарқыраған ғимаратқа көшіп, оқушыларымызбен бірге өзіміз де қуандық! Жаңа орында жаңа білім алушылар мен тәрбиеленушілерді, жас педагогтарды қабылдап, басымыз көбейіп, қатарымыз кеңейді! Мектепке жаңа көлік - автобус табысталды! Қарап отырсам, осы жақсылықтардың бәрін былтырғы Жаңа жылда армандап, тілеген екенбіз! Шукір, бәрі де қабыл болып, арман мақсатымызға жетіппіз! Әрине бұл ұжымның еңбегі, ауызбіршіліктің арқасы! Сондықтан өтіп бара жатырған Қоян жылына өкпе жоқ! Өмір болғасын, оның жып жылы шуағымен қатар көлеңкелі сәттері де болады. Барлық сәтсіздіктер,  өкпе - назымыз, өкініш - мұңымыз, қиындықтар, ауыртпалықтар өткен жылдың еншісінде қалсын 🙏🏻

Ортамыз ойсырамай, Алла тағала Жылдан Жылға аман – есен жеткізе берсін! Бәріңе мықты денсаулық, берекелі байлық тілеп, жаңа бастаған істеріңіз оңынан шешіліп, той тойлап жүре беріңіздер демекпін!

Келді, міне, Жаңа Жыл ортамызға,

Құт - береке әкелсін баршаңызға.

Аңсаған арманыңыз орындалып,

Өміріңіз бақыт пен толсын нұрға.

Жаңа Жыл құтты болсын! Бақ -береке, мол ырыс - дәулет әкелсін!

Жаңа Жыл тың шығармашылық ойлар, биік кәсіби жетістіктер, керемет оң өзгерістер, жарқын кездесулер мен қуанышты оқиғалар, тамаша бастамалар мен оң шешімдер жылы болсын!

Жаңа жыл әрбір шаңыраққа бейбіт өмір, молшылық, құт-береке, мол жақсылықтар әкелсін. Алдағы мемлекеттік аттестациядан абыроймен өтіп, аудандағы алдыңғы орынымыздан көрінейік! Ұжымның бағындырар белесі көп болсын! Жаңа 2024 жылда жағымды жаңалықтар мен телегей табыс мол болғай! Жаңа  жыл мерекелі, берекелі болсын. Мерейіңіз үстем, беделіңіз биік, абыройыңыз асқақ болуына тілектеспін! Жаңа жыл құтты болсын!

Ізгі ниетпен Талшын Габитовна