Тәрбиенің бір бағыты - баланы еңбекке баулу болса, жәрмеңке - оқушы еңбегінің жарқын көрінісі, әрі жемісі.

2024 жылдың 17 қаңтар күні оқушылардың шығармашылық  және іскерлік қабілеттерін ашу, олардың қаржылық сауаттылығын арттыра отырып, адал жолмен табыс табуға үйрету, мамандыққа бағдарлау, өзі сүйетін іспен айналысуына қолайлы жағдай жасау мақсатында "Оқушылар шығармашылығы-

ның жәрмеңкесі" өтті. Жәрмеңкеге 1-11 сынып  оқушылары қатысты. Оқушылар өз қолымен дайындап әкелген түрлі тағамдарын, қолөнер бұйымдарын, тоқыма заттарын көпшілікке ұсынды.  Сондай-ақ, балаларға ата-ана тарапынан да қолдау болды. Көз тартар бұйымдар мен дәмі тіл үйіретін тағамдарды көрген оқушылар мен қызметкерлер, ұстаздар ассортименттегі барлық тауарларды сатып алды. Жәрмеңке барлық  балаларға керемет көңіл күй сыйлады. Игі шара алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

#сыныпжетекші

#біртұтас_тәрбие

#atyrau_tàrbie