Басты мақсат – жастарды шешендік өнерге баулып, өзіндік ой-пікірі қалыптасқан, көпшілік ортада еркін сөйлей алатын жаңашыл, ізденімпаз тұлға ретінде қалыптасуларына ықпал жасау болып табылады.

🎓Осы орайда мектебіміздегі "Зияткер" дебат клубының ең жас мүшелері, яғни        7 сынып оқушылары «Ауылда өмір сүрген жақсы ма, әлде қала өмірі қолайлы ма?" деген тақырыпта сөз таластырды. 

🎓Дебат ойынына мектеп парламентінің мүшелері қазылық етіп, ойын барысын талдап, оқушыларды марапаттады. Пікірсайыс алаңында өзіндік позициясын тамаша дәлелдеп, ой жүйелілігімен көзге түскен "Оппозиция" тобы жеңіске жетті. «ҮЗДІК СПИКЕР» номинациясымен Жеткіл Әселхан марапатталды.

#сыныпжетекші

#біртұтас_тәрбие

#atyrau_tàrbie

#өзінөзібасқару