"Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлері шектеулі контингентінің шығарылғанына 35 жыл толуына арналған өңірлік жоспар негізіне орай Д.Төленов атындағы орта мектепте іс-шаралар жасақталып жүзеге асырылуда. Осы жоспарды жүзеге асырудың бастамасы ретінде "Ауған соғысы-жүректегі жара "атты тақырыпта 11-сыныптарда танымдық сабақ өткізілді. Сабақты тарих пәнінің мұғалімі Сәттібек Купашев өткізді.

Сабақтың негізгі  бөлімінде ауған соғысы барысы,шығу себебі,интернационалист -жауынгерлер туралы мағлұмат берілді.

Заман талабына сай интерактивті тақтадан бейнебаян арқылы тақырып мазмұнымен танысқан оқушылар қорытынды бөлімде пысықтау сұрақтарына жақсы жауап берді.Танымдық сабақ мазмұнды өтті.