2023 жылдың 28 желтоқсан күні интернат оқушыларының жаңа жылдық шыршасы өтті. Меркелік кешке "NOVUS BOLASHAK" компаниясының өкілдері келіп, өздерінің шоу-бағдарламаларын ұсынды. Ал, қызыққа кенелген балалар болса Аяз атаға өздері жаттап келген өлең-жырларын оқып, әуелете ән салып берді. Ертегі кейіпкерлері бала қиялды баурап, сиқырлы әлемге сүңгітсе, оқушылар дайындаған концерттік бағдарлама мерекеге сай мазмұнды болды. Ұжым мүшелері балаларға әдемі ойыншықтар, дәмі тіл үйіретін тәттілер, көркем әдеби, ертегі кітаптар, түрлі үстел ойындарын тарту етті.

Дүйсенғали Төленов атындағы орта мектеп ұжымы "NOVUS BOLASHAK" компаниясының ұжымын 2024 жыл – Ұлу жылымен құттықтай отырып, демеушілік көрсеткендеріңіз үшін алғыс білдіреді.