Жылдағы дәстүр бойынша "Қош келдің, Жаңа жыл!" атты аудан әкімінің мерекелік шыршасы Махамбет ауданы, Бейбарыс ауылында өтті. Мерекелік шарада аудан әкімі Қ.Нұрлыбаев мырза оқушыларға арнайы ақшалай сертификаттар мен сыйлықтар табыстады. Сонымен қатар, мерекелік шараға демеушілік жасаған "Каспий Құбыр Консорциумы-Қ" акционерлік қоғамы әкімшілігінің өкілі Қайыргелді Мақсұтұлы мектептің бірқатар аз қамтылған  оқушыларына  қысқы сырт киім мен сапалы аяқ киімдер,  тәттілер табыстады.   Балаларға жаңа жылдық жақсы көңіл-күй сыйлап, сыйлықтарымен қуантып, мерекелік дастархан ұсынған "Болашақ" мейрамханасының иесі Асел Какимқызына ата -аналар атынан үлкен алғыс айтамыз.

Айта кетелік, аудан әкімінің шыршасына  облыстық, республикалық байқаулардың жеңімпаздары А.Исатаев,  Б.Нұрғалиұлы, А.Ержігіт арнайы қонақ ретінде шақырылды.