«Quiz» ойындары – белгілі бір ақпараттарды қорытуға, адамдарға өзіңді дәлелдеуге, мықты екеніңді мойындатуға таптырмас орта. Ой-өрісі мен білімін жетілдіруге ұмтылған әрбір азамат бұл ойыннан сырт айналып өтпейді. Жуырда Махамбет ауданында тұңғыш рет мектеп мұғалімдері арасында «QUIZLAND: Ұстаздар» интеллектуалды сайысы өтті.

Д.Төленов атындағы орта мектептің базасында өткен, 14 команда, 70 ойыншының басын қосқан зияткерлік ойын тартысқа толы болды.

 Сайыс 6 кезеңнен тұрды.

 Д.Төленов атындағы Махамбет орта мектебінің «DT stars» командасы екінші орынға ие болды. Жүлдегерлерге дипломмен бірге «ZeRe» жеке кәсіпкерлігінің өнімдерін сатып алуға сыйлық сертификат ұсынылды.

Сайысқа қатысып, білім деңгейлерін көрсеткен барша командаға алғыс хат табысталды