2023 жылдың 7 желтоқсан күні Д.Төленов атындағы орта мектебінде  эстетикалық пәндердің онкүндігі аясында музыка пәні мұғалімі Э.Хисметуллинаның ұйымдастыруымен  өткен ,,Күй - халық қазынасы" атты өнеге сағатына  З.Есщанова атындағы өнер мектебінің домбыра сыныбының мұғалімі Рамиль Елемесов шақырылған болатын. Рамиль  өскелең ұрпаққа  өнегелі әңгімесін айта отырып,  бірнеше күйлерді орындады.

"Шәкір жеңісі - ұстаз мерейі" демекші, мектептің өнерлі оқушылары да өз өнерлерін ортаға салды.

"Екі шектің бірін қатты, бірін сәл-пәл кем бұра, Нағыз қазақ - қазақ емес, нағыз - домбыра",- деп Қадыр Мырза-Әлі атамыз жырлағандай, асыл қазынамыз -домбыраға арналған өнеге-танымдық шара жоғары деңгейде өтті. Тағылымы жол, ұлттық құндылықтар насихатталған, балалардың өнерге деген қызығушылығын арттыратын Рамиль ағаймен керемет сұхбат өтті.

Өнерлі өрендер көп болсын!

#сыныпжетекші

#біртұтас_тәрбие

#atyrau_tàrbie