Олимпиаданың мектепішілік кезеңінің тапсырмалары 1 турдан тұрды.

Олимпиада 6 пән бойынша өтті.

Қазақ тілі, қазақ сыныбындағы орыс тілі, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы, математика, жаратылыстану.

Олимпиадаға 1 оқушы 1 пән бойынша қатысты.

Барлығы: 89-оқушы білім додасында бақ сынап, аудандық кезеңге жоғары ұпай жинаған 12-оқушы жолдама алды.

Мектепішілік олимпиаданың ашылу салтанатын мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жанаргүл  Қуанышқызы ашып, олимпиада жұмысына сәттілік тіледі.

Мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Жантөриева Бержан Рахымқызы олимпиаданың мақсатын, өтетін кабинеттерді, аудитория, дәліз кезекшілері мен олардың жұмыстарын және олимпиада өту кезінде қатысушыларға қатаң тыйым салынатын құралдарды пайдаланбау туралы таныстырып өтті.

Жоғары ұпай жинаған білім алушылардың мәліметтері  30.11 күні аудандық білім беру бөліміне жолданды.

Жүлделі орындарға ие болған оқушылар дипломдармен марапатталды.