Әкежаным, менің асқар тауым, тірегім,

Бәрінен де сен қымбатсың білемін.

Қанат қағып кетсем алыс қияға,

Сен деп соғар жұдырықтай жүрегім.

 

Әкетайым, бақытымсың, барымсың,

Тірегімсің, сүйенішім, бағымсың

Жалғасындай әкелердің балалар,

Жақсы атымен бар әлемге танылсын.

 

«Әр бала – отбасының, әр азамат – мемлекеттің көрінісі» деген сөз бекер айтылмаған. Бала тәрбиесі – жеңіл жұмыс емес, онда әкенің де, шешенің де қатысы теңдей болуы тиіс.

Құрметті Әкелер!

Барлықтарыңызға семинарға келіп, ой бөліскендеріңіз үшін алғыс білдіреміз. Мектеппен байланыстарыңыз нығая берсін!

#біртұтас_тәрбие

#atyrau_tàrbie