Аудандық  білім  бөлімінің  2023 жылдың 14 қараша  айындағы №273 бұйрығын негізге ала отырып,  Д.Төленов атындағы   орта мектебінде  ағымдағы  жылдың 15 қарашасында мектеп директорының 14 қараша күнгі №158 бұйрығына сәйкес, Республикалық  олимпиаданың І кезеңі өтті.

Оқушылардың жұмыстарын тексеру және бағалау, тапсырмаларды талқылау және  түсіндіру үшін қазылар алқасы мүшелерінің құрамы бекітілді.

Сағат 9.00-де олимпиаданың ашылу салтанаты өтіп, қатысушыларды директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Ожаева Ғалия Қазимжанқызы құттықтап, сәттілік тіледі. Директордың ғылыми- әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Жантөриева Бержан Рахымқызы оқушыларды олимпиаданың өту тәртібімен, өтетін кабинеттер мен аудитория кезекшілермен таныстырды.

Құпиялық сақтала отырып, арнайы тізім арқылы оқушы жұмыстары шифрланды. Тапсырмалар 9-11  сыныптар үшін  аудандық  білім  бөлімінен  келді.