2023 жылдың 13 қараша күні 7а сыныбында   ,,Баланың бас ұстазы - ата-ана'' тақырыбында кезекті ата -аналар жиналысы өтті.

Жиналысқа барлығы 16 ата- ана қатысты.  Ең алдымен, жиналыс басталмас бұрын дәлізге арнайы орындар әзірленіп,  ата-аналар пән мұғалімдерімен  "Teta-Tet" форматында жеке пікірлесті.

1- ші бөлімде сынып оқушыларының шағын концерттік бағдарламасы ұсынылды. Әке-ана жайлы әндер орындалып, КВН- нан үзінді, қазақша күрес қимылдарын көрсетті. Домбырашы оқушылар да өз өнерлерін ортаға салды. Сынып қыздары ,,Бірге" биін билесе, суретші оқушы Сисен Әсемай өз туындыларын таныстырды. Соңында "Балғыншақ  хорымен аяқтады.

Ата аналар шеңбер құрып  "Танысу" тренингін жасады,  сынып жетекші 1-ші тоқсанның оқу тоқсанының қорытындысымен  таныстырып өтті. Екінші мәселе бойынша бейнеролик көрсетіліп, ата-аналарға балалардың қауіпсіздігі жөнінде  түрлі интернет ойындары, жолда жүру, т.б жайында ескертілді. Ата аналар топқа бөлініп жұмыстар жасады. Ағымдағы мәселеде мектеп формасы, сабақтан кешікпеу, себепсіз  қалмау, екінші аяқ киім әкелу т.б жайында айтылды.

Сынып жетекшісі: Хисметуллина Эльмира

#біртұтас_тәрбие

#atyrau_tàrbie