Фестивальдің мақсатын педагогтардың шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруын және кәсіби өсуін ынталандыру.

Фестивальдің міндеттері:

-педагогтердің кәсіби шеберлігін көтеру,

-білім беру кеңістігін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру,

-озық педагогикалық тәжірибелерді анықтау және тарату,

-заманауи инновационнаялық білім беру технологияларын енгізу және тарату,

--педагог мамандығының оң имиджін қалыптастыру,

-орта білім беру жүйесін жаңғыртудың және тәрбие алмасудың өзекті мәселелерін талқылау үшін пікірталас алаңдарын құру,

-жаңашыл мұғалімнің құрылымдық мазмұндық моделін әзірлеу.

Фестивальдің "Шеберлік палитрасы" бағыты  бойынша  пән мұғалімдері қатысып, тәжірибелерін ортаға салды.

Ғылыми-жаратылыстану пәндер бойынша  педагог-сарапшы санатындағы биология пәні мұғалімі Сәлімжанқызы Ақтолқын,

физика-математика бағытындағы пәндер бойынша педагог-шебер санатындағы информатика пәні мұғалімі Турсынбаев Жылбек, қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндер бойынша педагог-сарапшы  санатындағы биология қазақ тілі пәні мұғалімі Сайфуллина Нурлыайым, педагог-сарапшы санатындағы тарих,құқық пәні мұғалімі Гарифуллина Орынгул қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Әділқазылар алқасының шешімімен жүлделі 1 орын биология пәні мұғалімі А.Сәлімжанқызына, 2 орын информатика пәні мұғалімі Ж.Турсынбаевқа, 3 орын қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Н.Сайфуллинаға және тарих пәні мұғалімі О.Гарифуллинаға табысталды.

Аудандық кезеңге биология пәні мұғалімі Сәлімжанқызы Ақтолқын жолдама алды.

Ақтолқынға сәттілік тілейміз!

Қатысушы ұстаздарға үлкен ризашылық білдіреміз.

#пифатырау