✅️2023 жылғы 27 қазан күні Д.Төленов атындағы орта мектебінде  "Жаңашыл мектепке - жаңашыл ұстаз " атты жас педагогтер байқауының мектепішілік кезеңі өткізілді.

Байқаудың міндеттері:

-талантты жас педагогтерді анықтау;

-педагог еңбегінің дәрежесін көтеру;

-жас педагогтердің инновационнаялық идеялар мен қызмет түрлерін іздеу уәждемесін дамыту;

-жас педагогтерді дәстүрлі мәдени-білім ортасына тарту;

-педагогикалық қауымға жас педагогтердің жетістіктерін тарату.

Байқауға қатысушылар:

1.Купашев Сәттібек - тарих пәні мұғалімі

2.Өтеп Бибігүл- қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

3.Умбеткалиева Инжу-орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

4.Отарбаева Тойжан-математика пәні мұғалімі

5.Наурызова Айнұр- мектеп психологі

6.Сисенова Аружан- бастауыш сынып мұғалімі

7.Нармағамбетова Гүлрайхан- бастауыш сынып мұғалімі.

✅️Байқауға қатысушылардың кәсіби біліктілігін бағалау жүргізіп, жеңімпаздарды анықтау мақсатында әділ қазылар алқасына құрылды. Олар:

- Идркенова Талшын -мектеп директоры, педагог-зерттеуші санатындағы ағылшын тілі пәні мұғалімі;

- Ожаева Ғалия Қазимжанқызы-мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары, педагог-сарапшы санатындағы физика пәні мұғалімі;

- Жанториева Бержан- мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары, педагог-зерттеуші санатындағы биология пәні мұғалімі,

- Карабалина Жанаргуль Куанышевна- мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары, педагог-сарапшы санатындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,

Турсынбаев Жылбек Газизович- педагог- шебер санатындағы информатика пәні мұғалімі;

- Ергалиева Кунсулу Тулегеновна - жас мұғалімдер жетекшісі, педагог-зерттеуші санатындағы ағылшын тілі пәні мұғалімі;

- Моташева Гүлім Жұмажанқызы- "Жаңашыл мектепке-жаңашыл ұстаз "-2022 жылғы жеңімпазы, ағылшын тілі пәні мұғалімі.

✅️Алдымен байқауға қатысушылар ашық сабақтар өткізді.

30 қазан күні байқаудың өткізу тәртібіне байланысты "Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз "тақырыбында эссе жазып, қорғады.

Екінші тур тапсырмасы бойынша- "Шығармашылық жолдың бастамасы" TEDx форматында таныстырылым өтті.

Байқауға қатысушы өздерін таныстырып, мамандығына деген көзқарастарын 5 минут ішінде қорғады.

✅️ Байқауға қатысушылардың ашық сабақтары мен эссе, таныстырылымдары талданды.

Мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Жанториева Бержан байқауға қатысушылардың ашық сабақтарын талдап, саралап берсе, директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Карабалина Жанаргуль эссе жұмыстарын бағалау критерийлері бойынша жұмыстарға талдау жасады, "Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз" байқауы-2022 жылғы жеңімпазы, ағылшын тілі пәні мұғалімі Моташева Гүлім  мен педагог-шебер санатындағы информатика пәні мұғалімі Турсынбаев Жылбек шығармашылық таныстырылым жұмыстарына тоқталып өтіп, таныстырылым бағалау критерийлері бойынша жетістіктер мен кемшіліктерді айтып өтті.

✅️Байқауға қатысушылардың барлығынан да осы байқауға талдау жасап, бір-бірінің жетістіктері мен кемшіліктері туралы ойлары тыңдалды.

Байқау академиялық адалдықты сақтау, ашықтықты сақтау талаптарына сай өтті деп айтуға болады.

✅️Байқауға қатысушылар 1,2,3 дәрежелі дипломдармен марапатталды.

2023 жылғы 7 қарашада Жалғансай орта мектебінің базасында өтетін аудандық байқауға жеңімпаз болып, жүлделі 1 орынға ие болған математика пәні мұғалімі Отарбаева Тойжан Кашкынбайкызы бақ сынап, қатысатын болады.

#жасұстазатырау