🌹Ұстаз – ұлағатты есім, ал ұстаздық — ұлы қызмет. Ұстаз болу, ол - өзгенің болашағын өз өмірінен алға қою. Шәкірт санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздар қауымының төл мерекесі Д.Төленов атындағы орта мектебінде ерекше сән-салтанатымен аталып өтті.

🌹Мерекелік шарада мектеп директоры Талшын Ғабитқызы барша ұстаздарды мерейлі мерекемен құттықтап, өмірлік жолын ұстаздық жолмен байланыстырып, келешек ұрпақтың тәлім- тәрбиесіне арнауды мақсат еткен  бірқатар жас мамандарға арнайы КУӘЛІК табыстады. Жас ұстаздар салтанатты түрде Ант қабылдап, ән-шашуын арнады.

🌹Мерекелік кеш әрі қарай мектеп түлектерінің дайындаған “Білімнің дәнін сепкен ой-санама, Ұстаздар, бас иемін мен алдыңда” атты сазды бағдарламасымен жалғасын тапты.