🔰🔰2023 жылдың 27 қазан күні Д.Төленов атындағы орта мектептің кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Бір отбасы – бір кітап» байқауы өтті. Іс-шараға мектеп оқушылары ата-аналарымен бірге атсалысты.

🔰🔰Мақсаты: Жеке тұлға қалыптастыруда кітаптың маңызын насихаттау,  балаларды жас кезінен кітап оқуға қызықтырып, отбасылық оқу дағдыларына бейімдеу, көркем әдебиетті қызыға оқитын оқырмандар аудиториясын кеңейту, кітапхана мен отбасы арасындағы тұрақты қарым-қатынасты нығайту болып табылады.

🔰🔰Мектепішілік байқау 3 кезеңнен тұрды:

  1. Буктрейлер - шығарма мазмұны бойынша 2-3 минуттық видеоролик;
  2. "Даналық ойдан дән ізде" - шығармадан алынған дәйексөз;
  3. Сахналық қойылым.

Отбасылық оқуға оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай шығармалар алдын ала берілді.

🔰🔰Нәтижесінде әділ-қазы алқасының шешімімен мына отбасылар дипломдармен марапатталды:

🥇1 орын - 5 а сыныбынан қатысқан Зайнұр Сәтжан - Нұранов Ардақ отбасы

( Бауыржан Момышұлы "Мәскеу үшін шайқас" кітабы бойынша);

🥈2 орын - 7 ә сыныбынан қатысқан Мырзасих Гүлназым - Сариев Орынғали отбасы (Сәкен Сейфуллин "Бақыт жолында" драмасы бойынша);

🥈2 орын - 4 б сыныбынан қатысқан Әлібек Адина - Сүлейменов Ғалымбек отбасы

(Ыбырай Алтынсарин "Әке мен бала" әңгімесі бойынша);

🥉3 орын - 7 б сыныбынан қатысқан Хайреден Асия - Әділбаевтар отбасы

(Сәкен Сейфуллин "Бақыт жолында" драмасы бойынша).

🔰🔰"Кітап – адам баласы ақыл-ойынан туған рухани байлықты сақтап, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отыратын құрал, білім мен тәрбие көзі" десек, кітапты сүйіп оқитын оқырмандар саны көбейе берсін.

Бүгінгі шараға қатысқан барлық отбасыға үлкен алғыс айтамыз.

#біртұтас_тәрбие

#atyrau_tàrbie