Д.Төленов атындағы орта мектебінде 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай «Тұғыры биік Тәуелсіздік!» тақырыбында мерекелік шара өткізілді.

Бұл күн егемендік үшін күрескен отандастарымызды құрметпен еске алатын күн. Тәуелсіздік алғалы рухы асқақ, тұғыры биік мемлекетіміз түрлі сын-қатерлерге қарамастан дамып, жаңа деңгейге көтеріліп келеді. Еліміздің көк туы желбіреп, бейбітшілік пен бірлігіміз нығая берсін.

Шара барысында оқушылар мен ұстаздар тәуелсіздікке қол жеткізу тарихын еске алып, құндылықтарымыз бен тілімізді асқақтату мақсатында ұлттық әндер шырқалып, билер биледі. Өнер көрсетушілердің арасында мектеп президенті Исатаев Асылтек көркем сөз оқыса «Мәдениет және өнер» фракциясының жетекшісі Нұрғалиұлы Бекарыс әсем әндерімен көрермендерді таң қалдыра білді.

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болсын, мемлекетіміздің мерейі үстем, еліміздің егемендігі баянды болсын!