🔔 1 маусым күні Д.Төленов атындағы мектеп-гимназиясында қос мереке аталып өтілді. Балаларды қорғау күнімен қатар соғылған «Соңғы қоңырау» салтанатты жиынында шақырылған қонақтар мен ата-аналар балаларды, түлектерді мерекемен құттықтады.

🔔 Салтанатты жиынға 4,9,10-11 сыныптар, ата-аналар, ардагер ұстаздар және аудандық мәслихат төрағасы Мәжиев Қайыржан Мәжиұлы, Махамбет ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері Хасан Гүлнәр Хасанқызы, Махамбет балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің дзюдо күресінің жаттықтырушысы Қабенов Асет Абатұлы мен мекеме басшылары қатысты.

🔔 Мектеп-гимназия директоры Талшын Габитовна салтанатты жиынды ашып, мектебіміздің жетістіктері мен білім беру саласына үлес қосқан ұстаздардың еңбегіне ерекше тоқталып өтті. Оқу жылын үздік аяқтаған оқушыларға мақтау қағазын тапсырып, оқу жылы ішінде үздік нәтиже көрсеткен ұстаздар мен оқушыларды марапаттады.

🔔 Шара барысында аудандық мәслихат төрағасы Мәжиев Қайыржан Мәжиұлы құттықтау сөз сөйлеп, жас түлектерге сәт сапар тіледі.

🔔 Салтанатты жиын мектеп оқушыларының концерттік бағдарламасына ұласып, түлектердің соңғы қоңырау соғу рәсімімен аяқталды. 

💐 Еліміздің болашағы – Сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан да қай кезде де терең білім алу жолында жалықпай, талмай ізденіп, ел тізгінін ұстайтын азамат, азаматша болуларыңызға ізгі тілегімізді арнаймыз.

 💐💐 Сәт сапар жас түлек!!! 💐💐