Д.Төленов атындағы мектеп-гимназиясында 8-11 сынып ұл оқушыларына жиналыс өткізілді. Жиналысқа Махамбет ауданы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің аға учаскелік полиция инспекторы Ділмағамбетова Жанар, мектеп-гимназия директоры Идркенова Талшын Габитовна, ұлдар кеңесінің жетекшісі Темірғалиев Саябек, және мектеп психологтары, тәрбие ісінің меңгерушілері, сынып жетекшілер қатысты. Жиналыс барысында мектеп ережесін сақтау, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, мектепке әкелуге тыйым салынатын заттар туралы ақпараттар беріліп, түсінік жұмыстары жүргізілді.