«Әкелер академиясы» жобасы аясында Д.Төленов атындағы орта мектебінде «Асқар тауым, биік шыңым» атты 7-11 сынып ұлдарымен және әкелермен мектепішілік семинар өтті.

«Ана – өсiредi, Әке – үйретедi»

Аристотель

«Өмірге ұрпақ келтіріп, оны асырау арқылы әке өз міндетінің үштен бірін ғана орындайды. Ол адамзатқа адам, қоғамға қызметкер, мемлекетке азамат беруге міндетті. Осынау үш міндетті орындауға қабілетті бола тұра кімде-кім оны орындамаса айыпты».

Жан Жак Руссо.

Мақсаты:

— Мектеп пен отбасының өзара байланысын, қарым-қатынасын нығайту;

— Отбасында әке мен бала арасындағы сенімділікті және сыйластықты қалыптастыру;

— Бала тәрбиесінде әкенiң рөлі ерекше екендігін түсіндіру.