Жиынға 1-11 сынып бойынша 31 сыныптың Ата-аналар комитетінің, Әкелер және Аналар кеңесінің төрағалары мен төрайымдары қатынасты.

Ата-аналармен жағымды ахуал туғызу мақсатында мектеп психологтарының жетекшілігімен «Оркестр» тренингі, «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының» жұмысына жауапты маман – тәрбие ісінің орынбасары Ж.Карабалинаның ұйымдастырумен «Отбасындағы құндылықтар – рухани-адамгершілік тәрбие берудің негізі» тақырыбында тренинг-коучинг өткізілді. Ата-аналар шарада белсенділік танытып, топтық, жеке және практикалық жұмыстар орындады.

Жиын соңында тәрбие ісінің орынбасары Н.Балтабаева орталықтың және «Даналық мектебінің» жұмысымен, мақсат-міндеттерімен таныстырды.

Жалпы Ата-аналар қоғамдық кеңесінің төрағасы – Айтжанов Нұрлыбек Ниязович;

Әкелер кеңесінің төрағасы – Гарифуллин Ерлан Кадржанович;

Аналар кеңесінің төраймы болып Умбеткалиева Зинагул Кенжебаевна сайланды.