Д.Төленов атындағы орта мектебінде "Ата-аналар мектебі" жобасы аясында 9 сынып жетекшісі А.Қожантаеваның ұйымдастыруымен "Табысты үштік" тақырыбында табиғат аясында оқушылар мен ата-аналар біріккен тимбилдинг өтті.

Шара мектеп, бала, ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында болды.

Шара барысында командамен бірігіп жұмыс жасап, достықтарын нығайту бағытында спорттық және интеллектуалдық ойындар ұйымдастырылды.

Ұйымдастырылған шараға оқушылармен бірге ата-аналар да белсене атсалысты.

Шара барысында түрлі сауалнамалар жүргізіліп, жағдаяттар бойынша жұмыстар ұйымдастырылды.