2026 жылдың 10 қыркүйек күні Отбасын күніне орай «Ең қымбат жанға – ең әдемі сый» тақырыбында мектеп дефектологы Н.Мұрагелді мен мектеп психологы А.Наурызованың ұйымдастыруымен ерекше балалармен шығармашылық шеберлік сағаты өтт!
Отбасы – адам өміріндегі ең қымбат құндылық. Әрбір жылы сөз, әрбір мейірімділік пен қамқорлық – отбасы берекесінің негізі. Ең керемет сыйлық - қолдан жасалған сыйлық демекші, оқушыларымыз аналарына деген махаббаттарын өздері әсемдеген сыйлықтармен, өздері шын жүректерінен жазған хаттармен білдірді.
Бұл - жүрекке жылу сыйлайтын ерекше сәттер еді.





