Кәсіби бағдар беру жұмысы аясында 7–9 сынып оқушылары аудандық Полиция бөліміне танымдық экскурсияға қатысты.
Экскурсия барысында оқушылар полиция қызметкерлерінің күнделікті қызметімен, арнайы техникаларымен, қызметтік автокөліктерімен, қорғаныс құралдарымен және арнайы жабдықтарымен танысты. Сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі полиция қызметінің маңыздылығы, тәртіп сақшысының жауапкершілігі мен кәсіби талаптары туралы жан-жақты ақпарат алды.
Осындай кездесулер оқушылардың құқық қорғау саласына деген қызығушылығын арттырып, болашақ мамандығын саналы таңдауға, азаматтық жауапкершілік пен патриоттық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді.
Аудандық Полиция бөлімі ұжымына экскурсияны жоғары деңгейде ұйымдастырып, оқушыларға пайдалы мәліметтер бергені үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.
Бүгінгі таным – ертеңгі дұрыс таңдау!



