oC
Жаңа оқу жылының басталуына орай мектебімізде оқушылардың мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауына ерекше назар аударылуда.
Мектеп формасы – оқушының ұқыптылығы мен жинақылығын қалыптастырып қана қоймай, мектептегі тәртіп, бірлік және жауапкершілік мәдениетінің көрінісі.
Оқушылардың мектепке белгіленген үлгідегі таза, жинақы және талапқа сай мектеп формасымен келуін қамтамасыз ету – мектеп пен ата-ананың ортақ міндеті.
Құрметті ата-аналар!
Балаңыздың мектеп формасына күнделікті көңіл бөліп, мектептің ішкі тәртіп талаптарын сақтауға қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз.
Бір талап – бір тәртіп – біртұтас мектеп!
Мектеп пен ата-ана ынтымақтастығы – бала тәрбиесінің берік негізі.