oC
Мектебімізде Қазақстан халқының тілдері күніне орай оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыру, үш тілді меңгеруге ынталандыру және достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында көңілді үзілістер мен танымдық ойындар ұйымдастырылды.
Шара барысында оқушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде түрлі қызықты ойындарға, викториналарға, сөзжұмбақтар мен тілдік тапсырмаларға белсенді қатысты. Оқушылар өздерінің тілдік білімдерін сынап, тапқырлықтары мен шапшаңдықтарын көрсетті.
Көңілді үзілістерді қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдері бірлесе ұйымдастырып, оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Тіл – халықтың рухани қазынасы. Бірнеше тілді білу – заман талабы, ал әр тілді құрметтеу – ортақ міндет!