oC
1 қыркүйек – Білім күніне орай Махамбет ауданы полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Н. Алекесов аудан аумағындағы білім беру ұйымдарына барып, мектептердегі қауіпсіздік талаптарының сақталуын тексерді.
Білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік шаралары, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, бөлім бастығы «Жас сақшы» сыныбының оқушыларын жаңа оқу жылының басталуымен, алғашқы қоңырау мерекесімен құттықтап, оларға оқуда озат болып, білімді, тәртіпті әрі елжанды азамат болып қалыптасуларына тілек білдірді.
Алғашқы қоңырау – жаңа бастамалар мен үлкен армандардың бастауы!
Барша оқушыларға жаңа оқу жылында сәттілік, ұстаздарға шығармашылық табыс, ата-аналарға қуаныш тілейміз!