oC
1 қыркүйек – Білім күні мерекесіне орай Дүйсенғали Төленов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде 026–2027 оқу жылының алғашқы қоңырауына арналған салтанатты жиын өтті.
Биылғы салтанатты жиын «Таза Қазақстан: Конституция құндылықтары – экологиялық мәдениет пен жауапкершіліктің негізі» тақырыбына арналды.
Жаңа оқу жылында мектебіміздің табалдырығын алғаш рет 78 бүлдіршін аттап, білім әлеміне қадам басып, алғашқы ұстаздарымен қауышты.
Салтанатты жиынға Махамбет ауданы мәслихатының төрағасы Мәжиев Қайыржан Мәжиұлы, Махамбет ауданы Полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Аликесов Нұрболат Дүйсенбайұлы, аудандық білім бөлімінің әдіскері Манас Ілиясұлы, ұстаздар, ата-аналар мен мектеп оқушылары қатысты.
Мектеп директорының міндетін атқарушы Тоқтарбеков Айбек Манарбекұлы ұстаздар мен оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.
Жиын барысында ұстаздар ансамблі мен мектеп оқушыларының орындауындағы музыкалық тартулар көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Салтанатты шарада мектебімізде оқушыларды отансүйгіштікке, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу және құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында ашылған «Жас сақшы» сыныбының маңызы да атап өтілді. Бұл сынып патрульдік полиция сержанты Ақымғалиев Шалқар Көшкінбайұлының ерлігіне тағзым ету мақсатында ашылған болатын.
Жиынның ерекше әрі әсерлі сәттерінің бірі – «Білім есігін ашу» рәсімі болды. Мектеп парламентінің президенті, 11-сынып оқушысы Сәлімжанов Еламан алтын түсті «Білім кілтін» мектеп басшысына табыстап, директор жаңа оқу жылының символдық «Білім есігін» ашты.
Алғашқы қоңырау үнімен 78 жас шәкірттің мектептегі алғашқы қадамы басталды. Балғын бүлдіршіндер өздерінің алғашқы білім сабағына көтеріңкі көңіл-күймен аттанды.
Алғашқы қоңырау – жаңа бастамалардың, үлкен армандардың және жарқын болашаққа бастар білім жолының алғашқы үні!
Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Жаңа 2026–2027 оқу жылы баршаңызға құтты болсын! Әр сабағымыз ізденіске, әр күніміз жетістікке, әр қадамымыз жарқын болашаққа бастасын!
Қош келдіңдер, жас өрендер!
Білім жолындағы алғашқы қадамдарың сәтті болсын!
Алғашқы қоңырау құтты болсын!