БОС ЖӘНЕ УАҚЫТША ОРЫНҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАУ
Конкурс «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 31 наурызда № 35900 бірлескен бұйрығының талаптарына сәйкес өткізіледі
2026 жылғы 10 тамыз бен 19 тамыз күндері осы ресми аккаунтта жарияланған "Атырау облысы білім беру басқармасының Махамбет ауданының білім бөлімінің “Д.Төленов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қажетті бос және уақытша жұмыс орындарын enbek.kz порталында, мектептің dtulenov-mektebi.edu.kz сайтымен мектептің фейсбуктағы ресми аккаунтында жарияланған педагогтардың бос және уақытша лауазымдары бойынша конкурсқа құжаттар ҰББДҚ арқылы hr-nobd.edu.kz сайты арқылы ақпараттық жүйесі базасы арқылы қабылданатынын қосымша хабарлайды.
Конкурс өткізуге байланысты төмендегі мәліметтерді ұсынады:
-білім беру ұйымының атауы: "Атырау облысы білім беру басқармасының Махамбет ауданының білім бөлімінің “Д.Төленов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Индексі 060700 Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылы, Қазыбек би 40а. Анықтама үшін телефон; 87785322778, мектептің электронды Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра..
Конкурс төмендегідей бос және уақытша лауазымдар бойынша өтетін болады.
Лауазым атауы:
1. әлеуметтік педагог – 1 бірлік (уақытша)
2. педагог- логопед -1 бірлік (тұрақты)
3. биология пәні мұғалімі - 1 бірлік (уақытша)
4. математика пәні мұғалімі - 1 бірлік (уақытша)
5. бастауыш сынып мұғалімі - 3 бірлік (тұрақты)
6. интернат тәрбиешісі -1 бірлік (уақытша)
Педагогтердің лауазымдық міндеттері мен біліктілік сипаттамалары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылғы 13шілдедегі №338 бұйрығымен бекітілген "Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы бұйрығына сәйкес
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе педагогикалық бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білімін (арнайы орта, кәсіптік орта) растайтын құжат.
Еңбекақы мөлшері білім деңгейіне, еңбек өтіліне, біліктілік санатына байланысты төленеді.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) осы Қағидалардың 113 тармағына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS - айелтс) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;
11) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.
114. Кандидат, болған жағдайда, біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне (біліктілігін арттыру, ғылыми атақтар, ғылыми дәрежелер және дәрежелер беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері) қатысты қосымша ақпарат ұсынады.
115. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
Конкурсқа құжаттарды қабылдау, конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде яғни, 2026 жылдың 10 тамыз бен 19 тамыз аралығында жүргізіледі.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде электрондық түрде жолдайды.
116. Осы Қағидалардың 113-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтаруға негіз болып табылады.


